Айгүл Кемелбаева
«Шашты» әңгімесі
Әңгімеге өмірде болған тарихи оқиға негіз болған. Теке түрікмен бегі Атажан байдың қырық жігіті Ерторының немерсін табын-табын жылқысымен бірге олжалап кетуі, жылқышы қазақтың Кенжебекті өзі баптаған жылқымен бірге қашырып жіберуі, оның бір жылдан соң Қыпшақбозбен елге келуі, азан шақырып қойған атының «Шашты» боп өзгеруі - өмірден алынған шындық. Оқиғаға қатысатын кейіпкерлер өмірде болған адамдар.

АЛҒЫСӨЗ

Құрметті ұстаздар, оқушылар және әдебиет сүйер қауым! Бұл сайт — қазіргі қазақ прозасының көрнекті өкілі Айгүл Кемелбаеваның терең ойлы, көркем тілмен жазылған «Шашты» атты әңгімесін жаңа форматта оқып, зерделеуге арналған. Шығарманы мектеп оқушыларына қолжетімді, тартымды әрі заманауи жолмен ұсыну — біздің басты мақсатымыз.
Мұнда сіз:
  • «Шашты» әңгімесінің аудиокітабын тыңдай аласыз;
  • Нейрожелі көмегімен жасалған кейіпкерлер бейнесін көре аласыз;
  • Шығарма сюжетінің желісін интерактивті түрде зерделейсіз;
  • Әңгіменің мазмұнына негізделген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушының әдеби талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік аласыз;
  • Нейросеть арқылы жасалған шағын мультфильмді тамашалай отырып, көркем шығарманың көріністік қырларына тереңірек үңілесіз.
Бұл ресурстар — әдеби шығарманы тек оқып қана қоймай, оны тыңдау, көру, сезіну арқылы терең түсінуге жағдай жасайды.
Ұлттық әдебиетті жаңа технологиямен ұштастыра отырып, біз оқушыны тек білім алушы емес, толғанатын, ойлайтын, талдайтын тұлға ретінде қалыптастыруды көздейміз.Қазақ әдебиетінің тұнығын бірге танып, рухани дамуға жол ашайық!
Ізгі тілекпен, жобаны дайындаушылар ұжымы: Бақыт А.О., Лесова Д.К., Үйсін Ә.
Байланыс нөмірлері: +77056983981, +77472257683

❗️❗️❗️Әңгіменің жазылуына белгілі ақын, шоқайтанушы Қасымхан Бегманның «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі қостомдығындағы шежірелік дерегі түрткі болған. Шашты - Мұстафа Шоқайдың оныншы атасы, қыпшақ руы ішіндегі бабаның есімі.
Жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші.
Айгүл Кемелбаева
✔️1965ж. Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.
✔️1982 ж. қазақ орта мектебін бітірген.
✔️1984-87 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің ІІІ курсын оқыды.
✔️1989-94 жж. Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқып бітірді. Мамандығы – әдеби қызметкер.
Жазушының эпикалық-шежірелік «Шашты» атты әңгімесі ең алғаш рет «Ақжелкен» және «Жұлдыз» журналдарында жарық көрді.
Мақсаты: Оқушы бойында шығарманы оқи отырып, визуализация жасау дағдысын дамыту.
«Шашты» әңгіме желісінің сюжеті
Әңгіме сюжетіне байланысты суреттер нейросетьтің көмегімен жасалған. Бұл арқылы оқушы шығармаға визуализация жасайды, әрі оның бойында мәтінді түсіну, болжам жасау, АКТ құралдарын қолдану дағдылары дамиды.
Түсініктеме
Сеитназар Сеиди* – орыс тіліне аударған Н.Вольпин.
Али Акташ* – қазақ тіліне аударған Бауыржан Жақып.
Құма* – көне. Күң, шапқыншылықта қолға түскен әйел.
Оба* – түрікпен ауылы.
Ысық көл* – Ыстық көл.
Алғи* - елсіз алыс жер, қатерлі жол.
Алақшы* – миф. кісі өлтіруші, ажал.
Лаухил* – тағдыр тақтасы.
Бақауыл* – әскерді жабдықтаушы, олжа бөлуші.
Сейілхан* – қазақ түрікпенді кейде солай атайды.
Құртқа* дүние – опасыз қу дүние.
Теңіз* – Балқаш көлі.
Теке түрікпен*, бұғы қырғыз* – ру аттары.
Суын* – теңіз жылқысы.
Шоқбелдеу* – асыл тасты белбеу.

Тұлпардың тұяғы таптағанда даланы,
Аспан алты, жер жеті ойран-асыр болады.
Фирдоуси
Шығарманың аудиокітапшасы
Аудиокітапшаның жалғасы
Шығарманың мультхикаясы
1-тапсырма
PowerPoint қосымшасы арқылы жасалған тапсырма.
Мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
Оқушыда негізгі ойды табу, өз ойын нақты, түсінікті жеткізу сияқты дағдыларды қалыптастырады.

2- тапсырма. Mentimetr қосымшасы арқылы жасалды.
Мақсаты: әдеби шығарма шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну. Оқушылар аталған мақсатқа сәйкес “Пирамида” әдісі арқылы шығармаға композициялық талдау жасайды.
Төменнен жоғарыға қарай бөліктерге жазу арқылы шығарманың композициясына толық талдау жүргізеді:


3- тапсырма. Swot analysis сайты арқылы жасалған “Кейіпкерге мінездеме” тапсырмасы.
Мақсаты- көркем шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.
Берілген 4 кейіпкерге мінездеме жазу арқылы кейіпкерлер жүйесіне талдау жүргізеді:
4- тапсырма. Жұптық жұмыс.
”Саңырауқұлақ” әдісімен жүзеге асады.
Мақсаты: әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану.
Оқушы шығарманың жанрын, мазмұнын талдай отырып, жанындағы жұбына сұрақ немесе тапсырма бере алады. Бұл әрекет арқылы оқушылар талдау жасау, бірігіп жұмыс жасау дағдысын орындайды:
5-тапсырма. Padlet қосымшасы арқылы дайындалды. Өзіндік жұмыс.
”Ұяшықтар” әдісі
Мақсаты: шығарманың тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтап, бағалау.
Аталған мақсатқа сәйкес бос ұяшықтарға шығармада кездескен ру немесе тайпа атауларын жаза отырып, тарихи шындықпен, халқымыздың құндылықтарымен таныс болады:


6-тапсырма. Padlet қосымшасы арқылы жасалған. Топтық жұмыс жасауға арналған. Кейіпкерлерге талдау жүргізу тапсырмасы.
Мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Оқушылар аталған тапсырма арқылы сыни тұрғыда ойлап, кейіпкерлерге баға береді:

7-тапсырма. Power point арқылы жасалды. Венн диаграммасы. Өзіндік жұмысқа арналған.
”Айырмашылық пен ұқсастықты тап”
Мақсаты: шығарманың тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтап, бағалау.
Оқушылар екі елдің жылқыларының ұқсастығы мен айырмашылығын талдай отыра екі ел жылқысына баға беріп, халық құндылықтарымен таныс болады.

8-тапсырма. Mentimetr платформасы арқылы жасалды. Жұптық жұмыс.
Мақсаты: көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс ( әңгіме, өлең, әдеби жіне еркін тақырыптарға шығарма) жасау.


9-тапсырма. Өзіндік жұмыс. Power point қосымшасымен жасалды.
“ Шындық және жалған” кестесі
Мақсаты: көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс ( әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма ) жазу
Аталған мақсатқа сәйкес оқушылар көтерілген мәселелер бойынша талдайды.


10-тапсырма.
Сабақты қорытындылау үшін шығарма мазмұны бойынша сұрақтар.
Мақсаты: шығарманың тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтап, бағалау.
  1. Кенжебектің тұтқынға түсуіне не себеп болды?
  2. Кенжебектің шыққан тегі туралы айтып беріңдер.
  3. Жылқышы шалдың тағдыры туралы не ойлайсыңдар. Тасқұл өзі туралы мәліметтерді неге іште бүгіп қалды?
  4. Тұтқын Кенжебектің мойнына жүктелген міндет қандай?
  5. Тасқұлдың көңілі неге алаңдаулы, неден тіксінді?
  6. Атажан бай Тасқұлға нені сеніп тапсырды?
  7. Жылқышы шал Кенжебекті ұйқысынан оятып қандай сырмен бөлісті? Нені тұспалдады?
11- тапсырма. Кейіпкерлер жүйесіне талдау.
Мақсаты: көркем шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны пен қызметін талдау.
Берілген кестеде кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы эпитет, теңеу сияқты көркемдегіш құралдарды пайдаланады.
12-тапсырма.
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтап, бағалау мақсатына сәйкес хронологиялық кесте жасау.
Әңгімеде «Қай ноғайсың?» деп жөн сұрауының мәні неде? Қазақстан тарихына арналған кітаптардан мәліметтер жинақтап, қазақ пен ноғайдың байланысы жөнінде хронологиялық кесте құрастырыңдар.
13-тапсырма. Салыстыру.
Мақсаты: шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс
( әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма, эссе ) жазу.
«Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым» деген Тасқұл шалдың сөзінен не аңғардың? Абай Құнанбайұлының «Аттың сыны» өлеңін, Ақан серінің «Құлагер» өлеңін оқып, осы өлеңдердегі аттың сыны мен шығармадыға атқа берілген сынды салыстыра отырып, эссе немесе еркін тақырыпта талдау жүргіз.
Абай Құнанбайұлы
Аттың сыны
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр таяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсорғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі шығыңқы, аламайлы.
Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.
Шідерлігі жуандау, бота тірсек,
Бейне жел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуге тыныш тұрса, байлап көрсек.
Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем,
Иек қағып, еліріп басса әсем.
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,
Разы емен осындай ат мінбесем.
Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей.
Ақан сері
Құлагер
Жел соқса, қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!
Түбінен дәйекшінің тұрдым тосып,
Алушы едім бәйгеңді талай қосып.
Отыз ат уәделі өтіп кетті,
Сол жерде тұра алмадым, денем шошып.
Міндім де Саралама, тұра шаптым,
Бәйгі алам деп, бұл істен залал таптым.
Намазшам, намаздыгер арасында
Баланы жылап жатқан әрең таптым.
Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағы елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.
Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең, орнын басар көк бесті бар,
Болады, Құдай қосса, о да тұлпар.
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Бір тұрып, бір отырып, ой ойладым.
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп едің.
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,
Бір сыншы, көзің шыққыр, көріп еді.
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.
Түбіне Ерейменнің айдап келіп,
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай.
Тұлпардың аунағаны туған жерің,
Биеден туа бермес сендей құлын.
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,
Бір жолда әперіп ең ердің құнын.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім.
Құлагер, нұрың кандай, даңқың қандай,
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.
Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,
Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.
Өлімің адамзатпен бірдей болып,
Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.
Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,
Атағың Орта жүзге мағлұмданған.
Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,
Шырқатып пластенке әнге салған.
Құлагер, құланыңнан жайлатқаным,
Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.
Тартыншақ жаман әдет қыла ма деп,
Артыңнан бір балаға айдатқанмын.
Құлагер, айналайын тұлпарым-ай,
Бір көрмей тұра алмайтын, сұңқарым-ай.
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,
Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай.
14-тапсырма. Топтық жұмыс.
Жазылым дағдысы
Шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасау - «Постер қорғау» әдісі арқылы берілген тапсырманы орындайды.
1-топ: Шығарманың басталуы;

2-топ:Шығарманыңбайланысуы;

3-топ: Шығарманың дамуы.


15-тапсырма
Кестені толтыр. PowerPoınt қосымшасы арқылы жасалған.
Мақсаты: оқушыда анализ жасау, салыстыру, өз ойын жүйелеу секілді дағдыларды қалыптастыру.
16-тапсырма
Әңгіменің құрылымына талдау жаса.
Мақсаты: негізгі ойды табу, ойын сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
17-тапсырма. Шашты әңгімесін «Боранды бекет» шығармасымен салыстырып, тұтқынға түскен кейіпкерлер тағдырынан қандай ой түйдіңдер төмендегі кестеге көрсетіңдер.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website